Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады.
Осы жаңа жылдық шырша мерекесін қызықты есте қаларлықтай етіп өткізуде бар күш жігерін салған ел ағаларына мың алғыс!
____________________________________________
🌲РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА 1️⃣0️⃣0️⃣ БАЛА ҚАТЫСТЫ
✅Балаларға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты табыс етілді.
🎄Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам бала қатысты. Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Малика Мұхамеджанова да бар. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.
🌲Мерекелік жиынға Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназияның 6 «а» сынып оқушысы Акпанова Сания да өз туындысымен көзге түсті. Оның «Отты Самұрық құсы» туындысы алюминий сымнан, сәндік тастардан, алтын түсті картоннан жасалған.
🎄Отбасы үлгісіндегі балаларды қолдау орталығының тәриеленушісі, Маңғыстау облысынан келген Виктор Бояркин Президенттен шақырту алғаны үшін алғысын білдірді. Үшінші сынып оқушысы каратэмен айналысады және домбырада ойнайды.
🌲Шыршаға шақырылған балаларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді.
📜Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!, – деп жазды президент балаларға арналған құттықтауында.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@karakia_bilim_bolimi
@gylym_jogarybilim


