06.12.2023ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№ 3,4,5,7,8 ЖББМ” серіктес мектептері “Бастау” қоғамдастығының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде “Қалыптастырушы бағалауда кері байланыс берудің тиімді жолдары” тақырыбында семинар өтті.
🔸Мақсаты: Желілік қоғамдастық аясында озық тәжірибелерді тарату.
🔸 Семинар бағдарламасы:
1. Кері байланыс орнатудағы заманауи әдіс-тәсілдері – Еспулаева Ақкумис Маратқызы, география пәні мұғалімі
2. Кері байланыс түрлері – Кожалакова Айгул Ашиковна, ағылшын тілі пәні мұғалімі
3. Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары – Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. Бастауыш сыныптарға кері байланыс берудің тиімді жолдары – Тулегенова Айшагул Закирбаевна, Акмамбетова Салтанат Бердешовна бастауыш сынып мұғалімдері
5. «Оқушы құндылығын арттыру» тренинг – Қанатбай Тоғжан Жұмағалиқызы, физика пәні мұғалімі.
Іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарымызға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!!!
