Skip to content

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ 07.12.2023ж күні Маңғыстау…

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ

07.12.2023ж күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2023-2024 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.
Конкурсқа қатысуға 2 үміткер өтініш білдірді:
– ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 үміткер;
– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 үміткер.

Конкурс талаптарға сай өткізіліп, конкурс барысы бейнежазбаға түсірілді. Үміткердің бейнепрезентациясы қаралып, талқыланды. Үміткер критерийлер көрсетілген бағалау бетшесі негізінде бағаланды.

Конкурс комиссиясының шешімімен төмендегі мамандар жұмысқа қабылданды:
1. Орын Ақжүніс Қайыржанқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі (уақытша бала күтіміндегі мұғалім орнына)
2. Батырша Мәдина Ермекқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша бала күтіміндегі мұғалім орнына)

Жұмысқа қабылданған мамандарға тиісті құжаттарды жинақтап, тапсыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сәттілік тілейміз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *