Жетібай ауылы "№8 ЖББМ" КММ тиісті мемлекеттік органдарымен "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық науқаны бойынша 22.11-30.11 күндері аралығында "Жасөспірім", " Қолайсыз отбасы", "Түнгі ауыл балалары" атты рейд ұйымдастырылды. Рейдке білім беру ұйымының мектеп әкімшілігі, 8-9-10-11 сынып жетекшілері қатысты.




