Бүгін Қарақия ауданы “№8 жалпы білім беретін мектеп” алаңында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Мектебім-мейірім мекені» деген тақырыппен өткізілген салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Абиханова Гүлбаршын Сатыбалдықызына беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты.
Қарақия аудандық мәслихатының депутаты Көшкінов Талғат Бекқалиұлы салтанатты жиынға қонақ болып келіп, сөз кезегі келгенде барша ұстаздар мен ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.
Жоспарға сай сыныптарды сапқа тұрғызу, жиын барысын музыкамен көркемдеу, Мемлекеттік туды ортаға әкелу, Гимн орындалу рет-ретімен жүзеге асырылып, сценарий бойынша өтіп отырды.
#мектебіммейіріммекені
#1қыркүйек
#білімкүні
