Муханова Алма Кенжегалиевна аталған оқу орнында 1983 жылдан бері ұстаздық қызметін атқарып келеді. Аудандағы жоғары дәрежедегі шығармашылықпен жұмыстанатын үлгілі ұстаздар қатарындағы мұғалімдердің бірі. Қазіргі таңда мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүр. 1983-2021 оқу жылдары ішінде көптеген жетістіктерге жетті. 40 жыл осы мектепте еңбек етіп келеді. 1995-2023 жж. Аралығында мектеп әкімшілігінің барлық саласында қызмет атқарды.
1995-2003 жж. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2003-2007 жж. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2007-2010 жж. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2010-2011 жж. Мектеп директоры міндетін атқарушы
2011-2023 жж. аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді
Оқыту бар да, оқытудағы тиімді тәсілдерді, озық тәжірибені өзгелер игілігіне жарату бар. Бұл істе жаңалыққа жаны құштар, білімі мен тәлім- тәрбие жаршысы болып жүрген әріптесіміз, Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі №8 орта мектептің мектеп директорының оқу ісі жұмыстар жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып жұғалімі Мұханова Алма Кенжеғалиқызының еңбегі өлшеусіз.
Муханова Алма Кенжегалиевна “ Еңбек ардагері” төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады.
