Мектебімізде «Әдеп» педагогикалық кеңесі жұмыс жасайды. «Әдеп» педагогикалық кеңесінде ұжым мүшелеріне Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес педагогтік әдеп бұзу тәртіптік теріс қылық болып есептеледі және педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке алынатындығы яғни, Заңды бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатындығы ескертілді.
Түпқараған ауданы білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-гимназиясы» КММ-де болған жағдай туралы талқылау жұмыстары жүргізіліп, оқушыға мұғалім тарапынан қол көтеру жағдайы болмау керектігін, әрбір педагог педагогикалық әдеп нормаларын бұзбау, педагогикалық этиканы қалыптастыру, педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтау керек екені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

