Ақпан айының 7-ші жұлдызынан бастап «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сәйкес поэтикалық марафон басталды.
Ақындардың талантын оқырман жүрегіне ұялатып, өлеңге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырған поэтикалық марафон дегеніміз- бұл белгілі бір ақынның өлеңін кезектесіп, мәнерлеп оқу болып табылады.
Марафон ұзақ үзіліс кезінде өткізіледі.Марафонға қатысушы алғашқы оқырмандарымыз 5 «Ә» сынып оқушысы Жайылханова Шынар, және
6 «А» сынып оқушылары:Алхам Іңкәр, Дарыбай Іңкәр, Дүйсенбай Әмина.
Жайылханова Шынар М.Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңін оқыса, Дарыбай Іңкәр М.Жұмабаевтың «Туған жер» , Алхам Іңкәр С.Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» , Дүйсенбай Әмина Т.Айбергеновтың «Мұнаралар» өлеңдерін тебіренте оқыды.
🗞️Құрметті оқырмандар!
Марафонға белсене атсалысайық🙌🏻

