06.02.2023 күні «№8 ЖББМ» КММ-де деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында мектеп пстхологтарының “Өмірге “Иә”деп айт!” тақырыбында психологиялық апталықтың ашылуы болып өтті. Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. Сонымен қатар ата-аналар мен оқушыларға арналған тақырыптық ақпараттық бұрыштар ілініп, сенім телефоны мен сенім почтасының жұмыс жасап тұрғандығы жөнінде айтылды.
