Мектебімізде жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктерді өткізу жұмыстары басталды. Ертеңгіліктер мен кештерді өткізу кестесі бекітіліп, өткізілуде. Желтоқсан айының 26-ншы жұлдызында бастауыш сынып оқушылары үшін “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты жаңа жыл ертеңгілігі өткізілді. Жаңа жылдық сахна қойылымдарын ОІО Ж.Жиреншиеваның ұйымдастыруымен дайындаған: бастауыш сынып мұғалімдері, жүргізуші: Махамбетова А.
Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдаған Муса Ж.,Ақмамбетова С.,Тулегенова А., Амангелдіқызы Р.,
Чапай А.,Әбжетқызы Б.,Садық Л.,Тоқтасинова Ұ.,Муимова Д. Балалар да кейіпкерлерді ортаға алып, шыршаны айналып ән айтып, ойындар ойнап мерекенің сәнін келтірді. Ортаға Аяз Ата мен Ақшақар да келді, шырша шамы жарқырады, нағыз Жаңа жыл мерекесі енді басталғандай балалар қуанып, шыршаны айналып ән шырқады.
#қошкелдіңжаңажыл
#балаларжылы
