Желтоқсан айының 13-і күні “№8 ЖББМ”КММ-де “Шаңырақ” қоғамдық қорының негізін қалаушы,зейнеткер ұстаз,білім беру ісінің үздігі Игликова Рыскул Альмишқызы 8-11 сынып аралағындағы қыз балаларға арналған “Босану жасындағы әйелдер мен жасөспірім қыздар арасында отбасын жоспарлау,ерте жүктіліктен сақтануды түсіндіру” тақырыбындағы жиын өткізілді.
Жиын барысында мына мәселелер қозғалды:
✅қыз баланың қоғамдағы орны,тәрбиесі;
✅ерте жүктіліктің алдын алу;
✅тектілікті ұғыну,ұрпақ тазалығын сақтау;
Сонымен қатар,”Шаңырақ” қоғамдық қорының құрылу тарихы,мақсаты мен міндеттерін айтты.
