Маңғыстау, сенің мағынаңды,
Қазақ, сенің қазынаңды ашам деп
Тілімнің бар бояуын жұмсадым.
Ол бояу- жүрегімнің қаны еді…! – деген Светқали Нұржанұлының бойтұмарына айналған асыл сөздері өскелең ұрпақ білсін деп, жадында тоқып жүрсін деп, ол үшін Маңғыстаудың қандай қасиетті, қымбат мекен екендігін ұқсын деп, ақынның сара жолымен жүріп, жас Светқалилардың шығуына шабыт берсін деген ниетпен алтын әріптермен таңбаланды.
