Мектебіміздің түлегі, республикамыздың алдаспан ақыны, аудармашы, драматург, қоғам қайраткері, «Дарын», «Махамбет» және Т.Айбергенов атындағы сыйлықтар мен әдебиет бойынша президент степендиясының, , «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, Қарақия ауданының құрметті азаматы, мектебімізде бір кездері шәкірт болып, асыр салған, бүгінде 60 атты асқаралы жасқа келіп, сөз сарасын қиыннан қиыстырып, еліне 45 жылдай қызмет еткен Светқали Нұржан Айтман атамыздың «елім» деп еміренген дара жолын жастарға үлгі- өнеге ету мақсатында мұражай фойесі ашылды.Мұражай фойесінің лента қию рәсімі Светқали Нұржанұлы мен ардагер ұстаз Сражанов Сәрсенге берілді.
Шара барысында мұражай фойесі толығымен таныстырылып,ақын сөздерінен нәр алған әндер шырқалды.Келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Атап айтар болсақ,Светқали Нұржанұлы өзінің өткен өмірінен сыр шертіп,мектеп кезіндегі қызықты сәттерімен,ыстық естеліктерімен бөлісті.Мектеп ұжымына ерекше алғысын айтып,өзінің авторлық қолтаңбасы бар кітаптарын мектеп мұражайына тарту етті.
