17.10 күні мектебімізде Республика күніне арналған 5-11 сынып оқушыларынан «Атамекен» тақырыбында диктант жұмысы алынды. Диктанттың мақсаты: Мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеу.
Диктант жұмысын орындауға 5-11 сынып оқушыларының барлығы дерлік қамтылды. Пән мұғалімдері оқушының сауаттылығы мен каллиграфиясына ерекше мән берді. Жазба жұмысы 5-8 сынып аралығында бір мәтінмен, 9-11 сынып оқушыларына бір мәтін негізінде алынды. Диктант жұмысы алынған соң пән мұғалімдері тексеріп, тиісінше деңгейде бағалары қойылды.
#республикакүні
#балаларжылы




