30.09-04.10.2022 жылы мектеп кітапханасында «Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай кітап көрмесі» өткізілді. Сондай-ақ 9-10-сыныптар аралығында Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Шерхан Мұртазаның өмірі, шығармашылығы, мараппатары жайында ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қосымша қызықты мәліметтер келтірілді. Содан соң, «Ай мен Айша» романының көтерген мәселелерін,романдағы ырым-тиымдардың мәнін, кішкентай Барысханның өмірі жайлы оқушылармен қызу талқылау жүргізілді.
Романды талқылау барысында өз ойын өте жақсы жеткізген 10 «Б» сыныбының оқушысы Таңатар Дананы марапаттауды жөн көрдік. Қорытындылау мақсатында сөз соңында оқушыларға жұптық жұмыс жасалды. Таратпа қағаздарда жазушының өмірі, шығармашылығы,романдары жөнінде сұрақтар берілді.
Дөңгелек үстелдегі оқушылар жоғары деңгейде жұмыстарын аяқтап,қорытынды жасалды.






