23.05.2022ж Қарақия аудандық мәдениет үйінде «Балалар жылы —2022» аясында Қарақия ауданы әкімі: Қ. Ә. Беков аудан бойынша мектеп оқушыларымен еркін форматта кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: дарынды балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, жетістікке қол жеткізген оқушыларды мадақтау, өзге оқушыларға үлгі ету.
Жетібай ауылы «№8 ЖББМ» КММ «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клуб мүшесі: «Үздік спикер» 9—сынып оқушысы Таңатар Дана Қуанышқызы сөз сөйлеп, аталған жобаның іске асырылуы мен жетістіктері жөнінде ақпарат берді. Білім бөлімі басшысы тарапынан айтылған ұсыныс қолдау тауып, барша мектепке осы жобаны қолдау таныту керектігі жөнінде ерекше айтып өтті.
Мектебіміздің белсенді оқушысы, бірнеше сайыс жүлдегерлері: Тұрарбек Алтынжан әкімге сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Мектеп бойынша барлығы 14 оқушы шақырылды. Аталған оқушылар аудан, облыс жүлдегерлері болып табылады.
#балаларжылы2022
#мектеппарламенті
#самоуправление


