«№8 ЖББМ» КММ
Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін, жоспарлы түрде «Шаңырақ» ұйымы өз жұмысын жалғастырды. Оқушылар қауымдастығы «Шаңырақ» жобасы негізінде ұйымдастырылған. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:
✨Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу;
✨Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
✨Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.
«Қызғалдақ» ұйымы өз қатарын толықтырды. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Қожалықова Аягөз.
8—11 сыныптың қыздарымен өткен жиналыста: мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, медбике, сынып жетекшілер, Ұйым жетекшілері қатысты.
Жиын барысында; жеке бас тазалығы, мектеп үлгісі, мектептің ішкі ережелерімен т.б. айтылды.


