Skip to content

Дарынды бала-бақытты ғасыр кепілі Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір…

Дарынды бала-бақытты ғасыр кепілі

Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Жетібай ауылы 8-орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Тұрарбек Алтынжанды ерекше қабілетті және дарынды оқушылар қатарында деп есептеймін. Өйткені Алтынжан мектеп партасына отырған күннен бастап, өз қабілеті және талантымен ерекше көзге түскен оқушы. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Математика және Дүниетану пәнінен өткізілген аудандық олимпиадаға қатысып, ІІІ орынға ие болды. Сонымен бірге Алтынжан ақын-жазушылардың кітаптарын оқып, поэзияға ерекше қызығушылық танытты. Ол ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерін жатқа айтып, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, көп деген белестерді бағындырды. Атап айтсақ, 2017-2018 оқу жылында аудандық Абай оқуларында «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша 2 орын, 2019 жылы аудандық «Мағжан оқулары» байқауының Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бөлімі бойынша ақынның 110 өлеңін жатқа жаттап, ауданымыздан бас жүлде, облыстық Мағжан оқулары байқауынан ІІ орын, 2019 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орынға ие болды.Сонымен бірге бейнелеу өнері саласында да көп жетістіктерге жетті.Атап айтсақ, 2019-2020 оқу жылында Қазақстан мұнайының 120 жылдығы, Қаламқас кенорының 40 жылдығына арналған «Мұнай-жас суретшінің көзімен» байқауында І орын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалының республикалық байқауында бас жүлдемен марапатталды.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», – деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, алғырлығы мен дарындылығы арқасында Алтынжанның есімі «Қазақстан болашағы» кітабына енгізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *