22.02.2021ж Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде профилактикалық бақылауға Ақтау қаласы, Бейнеу, Қарақия аудандарынан сарапшылыққа тартылған мұғалімдермен кеңес өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және барлық қызметті адал атқару түсіндірілді.
Кеңесте бірнеше мәрте бақылау шараларына белсенді қатысып, өз біліктілігін көрсеткені үшін Қарақия ауданы, №8 орта мектеп директорының орынбасары Муханова Алма Кенжегалиевна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
Апайымызды шын жүректен құттықтаймыз!!! 🎊🎊🎊🎊🎊

