Ардагер ұстаз Атақаева Роза Боқышқызының туындысы @bokyshkyzy ЖАМАНДЫҚТАН АУЛАҚ!
Жан жүрегім мұң кешті,
Жан-жақты қайғы желі есті.
Бұл не деген алапат,
Бұл жай бір желдей емес-ті… Жер ауып келген алапат
Жер-Ананы жайлады.
Қинаған ажал-арқанға,
Қимайтын тағдыр байланды.
О, Алла, өзің – төрешім,
Алладан басқа тәңір жоқ!
Адамға жазған сұм тағдыр,
Адам- бір көмбіс шағымы көп… Абайдан артық кім айтқан,
Абай бол: "Бәрін дос көріп".
Талайға түскен тағдырға
Талайлар жүр-ау босқа еріп.
Ғасырлар кешкен Жер-ана
Ғасырдың дертін көрді анық.
Толғанып, тағы қан жұтты-ау,
Толғантқан күйге шер тамып.
Мұншама қайғы-тосқауыл,
Мұндарлар тартқан азап-мұң.
Қайғыға салып, бөктірді-ау,
Қайғыға салып қазақты!
Ұлтымның асқақ мұратын
Ұлтыма қишы, Жаратқан!
Ортақ мұң кешкен тілеуді,
Ортақ ет қиыр тараптан!
Ел мен ел қосқан тілекте,
Елдікті ұстар өр кеуде.
" Қазаққа болсын!" демейтін,
Қазағымнан аулақ, құры демде!
Қыспаққа түсіп құл-тағдыр,
Құлын-тай қырда ойнасын!
Халқына сыйлар күн-тағдыр
Хақы бар ұлың толғансын!
Қасымдар салған қасқа жол,
Қасым ұл болып жалғассын!
Жоғалмай Тілім, Дәстүрім,
Жоғалсын шұбар албастың!
Басқадан келген жат болар, "Басқамыз" деген жатты табар.
Өз елі – өлең-жұртымен,
Өзегі біргенің анты қалар!
Соларға жігер, қуат бер,
Соларға арай, шуақ бер!
Қапы қалмасын қазағым,
Қапысыз күш пен мұрат бер!
АТЫҢ ӨШКІР АЛАПАТ!
Келді еліме кесепат,
Орнығам деп кеудеме.
Расымен де шықпақ па,
Отырған орным- төріме?!
Нағыз кесел, жұтты да,
Алған талай алқымнан.
Вирустарын аластап,
Иірген қойдай тақымдап.
Ретін білмес мұндарды
Уысымен қысып желкеден,
Салған темір тақымға.
ХАЛҚЫМ-АУ, артық төзімің,
Талайға айлаң жетеді.
Алладан келген сынақ- бұл,
Сабырлық еткен өтеді! 02.04.2020 ж.

