Skip to content

Мектебіміздің директоры Турабаева Сара Нәрешбекқызы жерлестерін және барша оқушыларын өз…

Мектебіміздің директоры Турабаева Сара Нәрешбекқызы жерлестерін және барша оқушыларын өз жырымен жебеп, елге келген ауыртпашылықты #birge көтеруге, сақтықпен еңсеруге шақырды.
Сақтасын деп бір Алла,
Аллаға артпай міндетті.
Үйде отырып жеңейік,
Сығалап жүрген індетті.
Сақтай гөр деп жалынып,
Дұғаңды оқы, басыңды и,
Шалқалап кеттік той тойлап
Нәпсіні жеңіл бүгін тый.
Астамдық етіп соңынан
Мүттәйім медет сұрама.
"Бесіктей жеңіл өмірді,
Табыттай ауыр қып алма". Бір айда аштан өлмессің,
Қарасаңда нан, шайға.
Киім деп дүкен аралап,
Кебінмен қалма, абайла!
Қатты айтсам да жанды жеп
Кешір мені, жарай ма?!
Мен үшін қазір маңызды
Ел менен ұлтым алайда.

Бетперде тағып, қолды жу:
Жарылса да сабында.
Жаның қалса, олжаң -сол.
Үйде бол -емі сабырда.

Сақтағай Алла Елімді
Келтірмей бәле маңайға.
Тағдырың бүгін қолыңда,
Абайла, Халқым, абайла!!! Тұрабаева Сара Нәрешбекқызы
#БІЗБІРГЕМІЗ#СӨГІЛМЕСІНІРГЕМІЗ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *