Skip to content

Желтоқсан айында тәрбие жұмысының орынбасарларының ұйымдастырылуымен өткен “Әкеммен өткен бір…

Желтоқсан айында тәрбие жұмысының орынбасарларының ұйымдастырылуымен өткен "Әкеммен өткен бір күн" атты кездесу кеші жоғары денгейде өтті.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалды. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.Олай болса Әкелеріміз аман болсын!!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *