"Жігітке жеті өнер де аз" демекші ақшатырымызда 2 ауысымның сұлтанын анықтау үшін, "Балауса сұлтаны-2019" байқауы өтті. Мақсаты: ұлдарымызды батырлыққа, тапқырлыққа, жан-жақтылыққа баулу. Əр үміткер жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Байқаудың қорытындысы бойынша "Балауса сұлтаны 2019" атағына Жалғас Мирас лайық деп танылды.
2-орынды Майлухан Бекжан, 3-орын Жұмабай Нартай мен Қармыс Ілиясқа бұйырды. Сұлтандарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
#Балауса_сұлтаны2019







