Мереке аясында мектебіміздің спортзалында Жетібай ауылы əкімдігінің ұйымдастыруымен ақшатыр демалушыларының арасында эстафеталық жарыстар, дойбы, тоғызқұмалақ жəне дартс ойындары ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараның басты мақсаты: Елордамыздың туған күнін атап, келер жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге жəне салауатты өмір салтына тəрбиелеу болды. Көңілді эстафета жарысына 3 топ, барлығы 12 бала қатысты. Бұл жарыста "Бəйтерек" тобы жеңіске жетті. 2 орын "Сұңқар" тобы, 3 орынды – "Адай" тобы қанжығаға байлады. Сайыстарға қатысқан барлық балалар ауыл əкімінің марапаты мен сыйақыға ие болды. Ұйымдастырушы Жетібай ауыл әкімі Асанов Қуаныш Сырымұлына алғыс білдіреміз!









