Елордамыздың туған күнін атап өтуде ақшатырда бірнеше іс-шаралар өткен болатын. Балалар "Думанды сарыарқа" мерекелік флешмоб биледі. Дене тəрбиесінің нұсқаушысы Майлыбай Е. ұлдар арасында асық атудан "Азия асығы" сайыс ұйымдастырды. Бұл сайыста Жалғас Мирас пен Қанатбай Жəнібек ерекше көзге түсті. Жəне "Жыр арқауы – Елорда" тақырыбында мəнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың нəтижесі бойынша Нұрғали Ғалым, Аманқос Жанерке жеңімпаз атанды.









