Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Балауса» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді.Бұл күндері оқушылар өздерін білімді ғана емес өнерлі екендерін де танытты. 26 маусым лагердің жабылу салтанаты өткізіліп, белсенді қатысқан оқушыларға марапаттау қағаздары табысталды.










