Skip to content

Қазақстанда “Бала үні” — “Қазақстан балалары” онкүндігі аясында ұйымдастырылып жатқан…

Қазақстанда "Бала үні" — "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында ұйымдастырылып жатқан маңызды шаралардың бірі. Бұл онкүндік 22-30 мамыр аралығында өтіп жатыр және әр күн бала құқықтары мен әл—ауқатына арналған түрлі тақырыптарға бағытталған.

27 мамыр —"Балалар үні" күні ретінде белгіленген. Бұл күн ересектердің балалардың пікірін тыңдауға, олардың армандары мен тілектеріне назар аударуға шақырады.

Оқу—ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, әрбір ата-ана, ұстаз және азамат баланың үнін естіп, оларға шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдауы тиіс. Бұл —саналы ұрпақ тәрбиелеудің негізі.

"Бала үні" шарасы —балалардың құқықтарын қорғау, олардың дамуына жағдай жасау және қоғамның назарын балалар мәселелеріне аудару мақсатында ұйымдастырылған маңызды бастама.
#Балаларүні
#Қазақстанбалалар
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *