Бүгін 21.06 күні ақшатыр демалушылары "Адай-Ата – Отпан тау" рухани-тарихи мəдени кешеніне барып қайтты. Балалар " Маңғыстау жəне жеті жұрт", " Маңғыстаулықтар", "Қол өнер", "Өлке жеріндегі ислам" көрме залдарын аралап, мəдени тұжырымдармен танысты.Киелі Маңғыстауда мекен еткен 362 əулиенің рухына арналған 362 баспалдақпен Адай-Ата кесенесіне барып, тілек тіледі. Тарих қойнауына саяхат жасаған балалардың тілегі қабыл болсын.










