Қарақия ауданында “Жастар жылы” аясында аудан әкімі Қыдырберді Бековтың мектеп бітіруші түлектерге арналған “Жолың болсын, жас түлек!” атты салтанатты кеші өтті. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, “Алтын белгі” және “Үздік аттестат” иегерлерін марапаттады. Жалпы 2018-2019 оқу жылында мектебімізде 1047 оқушы білім алды. Оның 62 биылғы мектеп бітіруші түлектер. Мектеп бойынша 11 сынып оқушылары арасында 1 оқушы "Алтын белгі"иегері 5 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр,оларТұрарбек Асланбек, Қуаныш Дәурен, Сатыпалды Нұршат, Қазыбай Ақмарал, Мұратқызы Ризуана, Оңдасын Диана.!! Ендігі мақсат – ұлағатты ұстаздар мен ата-ананың ақ үмітін ақтап, жоғары оқу орындарына түсу.










