11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау салтанатты жиыны. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл – қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалады. Қанаттарың талмасын!
Ақ жол, сәт сапар!
#graduate2k19
25.05.2019





