Skip to content

25 ақпан 2019 жылы Жетібай ауылы №8 орта мектебінде салтанатты…

25 ақпан 2019 жылы Жетібай ауылы №8 орта мектебінде салтанатты түрде "Светқали Нұржанов" атындағы кабинет ашылды.Кабинет ашылуына ауыл әкімі: Қ.С.Асанов, Светқали Нұржановтың
ата- анасы ,аудандық "Нұр Отан" ХДП өкілі Жақсыбекова Мария, аудандық "Қарақия" газеті тілшісі Майра Қуанышбайқызы, аудандық білім бөлімі әдіскері Қ.Айманова қатысты. Кабинет лентасын қию әкесі Сабырғали Нұржанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Құралай Айманова және оқу озаты Нұрғали Дарын ие болды.
Светқали Нұржанов Айт-Ман мектебіміздің түлегі, "Дарын"сыйлығының иегері.
Қазақ поэзиясының есiгiн ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ашқан ақын Светқали Нұржан- өзiнiң сөз өнерiндегi өзгеше сыр-сипатымен, ерекше ой-толғамдарымен әдебиетiмiздiң, оның ішінде өлең өлкесінің тарихында қалатын талант иесi..Светқали Нұржан ұлттық рух пен қазақы дәстүрге бай, батырлық аңыздар мен жыраулық өнердің сарқыты сақталған Маңғыстау өлкесінде дүниеге келген.Мектебімізде дарынды шәкірттеріміз көп болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *