Skip to content

№8 орта мектеп қабырғасында Елбасымызға арналған кабинет ашылды. Салтанатты шараға Жетібай…

№8 орта мектеп қабырғасында Елбасымызға арналған кабинет ашылды. Салтанатты шараға Жетібай ауылының әкімі Қуаныш Асанов, аудандық "Нұр Отан" ХДП өкілі:Жақсыбекова Мария, аудандық "Қарақия" газеті тілшісі: Майра Қуанышбайқызы, аудандық білім бөлімі әдіскері: Қ.Айманова. мектеп директоры Тұрабаева Сара, және мектеп оқушылары қатысты. Мектеп директоры Сара Тұрабаева өз сөзінде кабинеттің ашылуына қуанышын білдіріп, оқушылар үшін Елбасы жайлы ақпарат алу одан да қолжетімді болғаны және кез-келген уақытта оқушылар да мұғалімдер де кітаптарды пайдалана алтынын айтып кетті. Арнайы дайындалған шағын концерттік бағдарламадан соң кабинеттің тұсаукесері Жетібай ауылының әкімі Асанов Қуаныш ағай мен пен 11-ші сынып оқушысы "Өзін -өзі басқару ұйымының"президенті Тұрарбек Асланға берілді. Кабинет кең және жарық, мұнда Елбасының кітаптары мен жолдаулары, Президент туралы жарыққа шыққан кітаптар мен мақалалар тізімі қойылған.Сонымен қатар, Президенттің өмірінен үздік суреттер жиектемеге салынып, балалар назарына ұсынылған. Жалпы кабинеттің жабдықталуы қонақтардың көңілінен шықты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *