2019 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызында 8 орта мектебінің ұйымдастыруымен "Мектеп.Отбасы.Жұртшылық" тәрбие апталығы аясында "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" атты дөңгелек үстел 7-11сынып қыз балалары арасында өткізілді. Шараға қыздар жиналысының төрайымы А.Қожалакова , мектеп психологы Б. Әбжетқызы, әлеуметтік қызметкер педагог Қ. Ымханова , ардагер ұстаз А.Қоштаева , акушер-гинек. А.Камелова , СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. және ата-аналар қатысты. Шара жоғары деңгейде өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік , ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, күтілмеген ерте жүктіліктің алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуға өз денсаулығына деген көзқарасын арттыруға, дене белсенділігін арттырып, дұрыс тамақтануға салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.










