"МЕКТЕП. ОТБАСЫ. ЖҰРТШЫЛЫҚ" тәрбие апталығы аясында 11-сыныптар мен Жас мамандар арасында тәрбиелі, қызықты, тартысты сайыс өтті. "Түлектер" тобы және " Жас жалын" тобы өз білімдерін, өнерлерін көрсетті. "Түлектер" тобы өнер адамдарына пародия қойса, "Жас жалын" тобы би билеп, Әбжетқызы Бибінұр Мұхтар Шахановтың жыр шумағын оқыды. Сайыста "Жас жалын" тобы "Бас жүлде" иеленсе, "Түлектер" тобы 1-орынды иеленді.
Түлектерімізге СӘТТІЛІК тілесек, жас мамандарға ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР тілейміз!!!







