Skip to content

9 қаңтар 2019 жылы қысқы каникул жұмыстары аясында жоғары сынып…

9 қаңтар 2019 жылы қысқы каникул жұмыстары аясында жоғары сынып оқушыларымен бірге Маңғыстау облысының Жетібай кен орнында алғаш ашылған «Еңбек Даңқы» мұражайына саяхат жасадық. Оқушылар мұражайдың мұнай-газ саласында еңбек еткен қайраткерлерлеріне арналғанын білді.Мұражайға тарихи құнды құжаттар мен көне суреттер қойылғанын көріп ,мұражай ішін аралады. Осыдан 55 жыл бұрын дәл сол орында алғашқы мұнай атқылап, ауданның ғана емес, бүкіл еліміздің дамуына жол ашқан жаңа стансалар бой түзеген екені айтылды. Мектебіміздің 9 "а"сынып оқушысы Нұрғали Дарын мұнайшыларға арнап өлең шығарып, мұражай альбомына өз қолтанбасын қойды.Осынау жауапты да абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында барша мұнайшыларға қажымас қайрат, жалынды жігер, ұжымда ұйымшылдықпен, береке бірлік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *