Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы» атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал жайында Ақтау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде 14.04.18 жылы өткен "Caspian Start-Up 2018" облыстық стартаптар байқауына "Шұбатхана"тақырыбындағы өз жобасымен қатысып,белсенділігімен көзге түскені үшін мектебіміздің 10 "Ə" сынып оқушысы Балжігіт Алтынқас марапатталды! Марапатың құтты болсын,əлі де талай белестерді бағындыруға тілектеспіз





