Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс қалыптасу мақсатында мектебіміздің 7 "б" сынып оқушысы Айдарбек Ақниет Шекенғалиқызы Ақтау қаласында 14.04.18 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен "Caspian Start-Up 2018" облыстық стартаптар байқауында "Салауатты өмір салты" жобасымен қатысып,қабілеті мен белсенділігімен көзге түскені үшін арнайы СЕРТИФИКАТпен марапатталды! Алар асуларың көп болсын Ақниет!



