06.06.2025ж. күні Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша «№8ЖББМ» КММ-де мектеп жанынан ашылған «Балауса» жазғы демалыс ақшатырының ашылу салтанаты өтіп, 1-ші ауысым өз жұмысын бастады. Ақшатырға аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары және үздік оқушылар қабылданды. 1-ші ауысымға барлығы 50 бала қамтылып отыр.
Мерекелік іс-шарада балалар өз өнерлерін көрсетті. Сайқымазақтармен бірге би билеп, ойын ойнап көңіл көтерді. Іс-шара соңында балаларға балмұздақ үйлестіріліп, би билеп риза болды.
#біртұтастәрбие
#жазғылагер2025жыл
#ақшатыр
#жазғыдемалыс2025жыл
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Қарақия Аудандық Білім Бөлімі
