09.11.2017 ж күні Мұнайлы ауданында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында белгілі шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменеймен кездесу өтті. Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Мамаева, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің мамандары, облыстық білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дəстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу мен тарихи-мәдени мұралары туралы жан-жақты ақпараттар беріп, жиынға қатысушылар арасындағы ой-пікір, сұрақ-жауаптарға толымды жауаптар берді.
Ғалым И.Жеменейге ұлттық құндылықтар туралы мәлімет беріп, рухани нақты әрі анық бағыттарды ұсынғанына алғысымызды білдіреміз!Мектеп басшысы жəне жас мамандар кездесуге қатысып келді.






