Skip to content

Болашақтан үміті бар ел ұстазын құрметтейді. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы…

Болашақтан үміті бар ел ұстазын құрметтейді. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы№ 8 орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз,зейнеткер Атақаева Роза Боқышқызын білім және ғылым министрлігінің өкілдері «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.
Оқу ісінің үздігі Роза Боқышқызы 40 жыл еңбек өтілінде көптеген жетістіктерге жеткен. Шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша үнемі жоғары көрсеткішке жеткен ұстаз. Мұндай ерекше төсбелгіні мектепте ең бірінші ұстаз иемденді.Адамның байлығы жиған дүниесімен емес, өзі өмір сүрген кезеңде өз айналасына кішкентай да болса жасаған жақсылығымен өлшенетіні белгілі. Мейірімділік пен ізгілікті, сыйластық пен сабырлықты үлгі еткен Роза апай ұжым арасында кішіге үлгі, үлкенге сыйлы ұстаз.
Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін оның еңбегі бұдан да бұрын еленіп , Облыстық білім басқармасының және Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Роза апайдың бүгінде жарияланған мақалалары аудандық, облыстық, республикалық газет беттерінен жарық көріп,бала жүрегінен орын алған "ұстаз" деген киелі ұғымға лайық жан!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *