Skip to content

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ 19.08.2025ж. Маңғыстау облысының…

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ

19.08.2025ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы бұйрығын негізге ала отырып, 2025-2026 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.
Конкурсқа қатысуға 12 үміткер өтініш білдірді:
– математика пәні мұғалімі – 2 үміткер;
– тарих пәні мұғалімі – 2 үміткер;
– ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 үміткер;
– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 4 үміткер;
– педагог ұйымдастырушы – 2 үміткер;
– педагог профориентатор – 1 үміткер.

Конкурс талаптарға сай өткізіліп, конкурс барысы бейнежазбаға түсірілді. Үміткер критерийлер көрсетілген бағалау бетшесі негізінде бағаланды.

Жұмысқа қабылданған мамандарға тиісті құжаттарды жинақтап, тапсыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сәттілік тілейміз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *