1 қыркүйек – Білім күні!💐📚
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы – баршамыз үшін ерекше қуанышты сәт. Бүгін мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылып, білім ордасының табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бен 11-сынып түлектері үшін оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.🔔
🎉 Салтанатты жиынға Қарақия ауданы әкімі Төретаев Сымбат Қуанышұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Табынчаев Өсербай Рсбайұлы, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты.
👨🏫 Аудан әкімі мен мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, өткен оқу жылының жетістіктерін атап өтіп, жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындады.
💐 Жаңа оқу жылы барша оқушыларымызға мол табыс, ұстаздарымызға қажымас қайрат, ата-аналарға қуаныш әкелсін!
Білім күні құтты болсын!
@karakia_bilim_bolimi
