📌 «Менің Отаным – Қазақстан» сынып сағаты
Білім күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақ барысында тәуелсіздіктің мәні мен маңызы, мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мұғалімдер Отанды сүю, елге адал қызмет ету, бейбітшілік пен бірлікті бағалау тақырыбында оқушылармен пікір алмасты.
#меніңотанымқазақстан
#сыныпсағаты
