Skip to content

Абай ақынның «Өлең – сөздің патшасы» деп бағалаған сөз құдіретіне…

Абай ақынның «Өлең – сөздің патшасы» деп бағалаған сөз құдіретіне бар қызметін, өмірін арнап келе жатырған Светқали Нұржанұлы Айт-манның шығармашылығына арналған мектеп оқушыларының «Маңғыстаунама» облыстық танымдық байқауы өтті. Аудандық кезеңнен суырылып шыққан,Маңғыстау облысының түпкір-түпкірінен 53 оқушы бақ сынаған бұл байқауда 5 оқушы оза шауып, жүлделі I орынмен марапатталды . Байқау келесі номинацияларды қамтыды:
1. "Жолайрық" көркемсөз номинациясы
2."Көкірегім-көне кітап" сөздік номинациясы
3."Ей,менің жұмақ мекенім" зерттеу номинациясы
4."Ақынға хат" эссе номинациясы
5."Даусымды кеттім қосып" ән номинациясы
Қатысушылар Алаштың алдаспан ақыны,"кемел ойдың кемеңгері",әр кітабы-бір әлем болған асылы,"көкірегі-көне кітап" болған болмысы бөлек тұлға Светқали Нұржанұлы Айт-Манның қолынан мараппатау қағаздарын алу құрметіне ие болды.
#маңғыстаунама2022
#балаларжылы
#СветқалиНұржанұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *