📌АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА📌
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына 24.06.2020жылғы №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады деп көрсетілген. Сондықтан 2021-2022 оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдау 1 тамызда тоқтатылатынын ескертіп, көрсетiлген мерзiмде құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз.
Құжаттар төмендегідей тәртіпте қабылданатын болды.
1. Баланың ата – анасынан немесе заңды өкілінен өтiнiш
2. Баланың туу туралы куәлігінiң көшірмесі
3. Баланың денсаулығық жағдайы туралы құжат.
4. 3×4 см көлеміндегі фото – 2 дана.

