Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес. Ұлы Жібек жолын бойлай өтіп, алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ даласын әлем жұртына паш етуге үлес қосқан да осы ұлтымыздың қолөнер туындылары десек артық айтпаспыз .Осы орайда мектебіміздің 9 "а" сынып оқушысы Сағынғали Қарақат Аймұратқызы 14.04.18жылы Ақтау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен "Caspian Start-Up-2018" облыстык стартаптар байқауына "Менің болашақтағы қолөнер кəсібім" жобасымен қатысып , қабілеті жəне белсенділігімен көзге түскені үшін марапатталды!Қарақат осы өнердің қыр-сырын ғана жетік меңгеріп қоймай, келер ұрпаққа да үйретіп, аманат етіп қалдыруды парыз санайды.Арманың орындалсын Қарақат, болашағың жарқын болсын!!




