Атаджанова Венера Убайдуллаевна 27 жыл өтілі бар, жоғары білімді, педагог-зерттеуші санатты технология және сурет пәндерінің мұғалімі.
“Үздік педагогикалық тәжірибе” атты Республикалық педагогикалық байқауында “Шығармашылық жұмыстар” номинациясының 1 орын иегері.
“Қысқы ертегі” атты халықаралық байқауында жеңімпаздарды дайындағаны үшін диплом, “Ғарышқа саяхат” тақырыбында республикалық байқауда “Сурет” номинациясы бойынша жүлделі орын алған білім алушыны дайындағаны үшін сертификат, “Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық ұйымдастыруымен “Күз келбеті” атты республикалық байқауына дарынды шәкірт дайындағаны үшін диплом, республикалық “Біздің сүйікті ертегілеріміз”, “Тәуелсіздік – тұғырым” байқауларына шәкірттерін дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Шәкірттері халықаралық “Зимушка – зима – 2019”, “Мир сказок”, “Қыс қызықтары”байқауларында, республикалық “IQ” – интелектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Сырлы сурет”, “Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Күз келбеті” атты, “Мультфильм кейіпкерлері”, “Тәуелсіздік – тұғырым” байқауларында, облыстық Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен “ЭкоЛидер” байқауында “Қалдықтарға – екінші өмір” номинациясы бойынша жүлдегерлері.
Білім және ғылым министрлігі Алғысы, Облыс әкімі Алғысы,
Маңғыстау облысының білім басқармасы Алғысы иегері.
Атаджанова Венера Убайдуллаевна Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады.
