Skip to content

Баланы қуанту – шынайы бақыттың белгісі! 🎁 Жаңа жыл –…

Баланы қуанту – шынайы бақыттың белгісі! 🎁

Жаңа жыл – жаңа үміттер мен қуаныштарға толы ерекше мереке. Осындай сәттерде балалардың жүзінен күлкі көріп, жүректеріне қуаныш сыйлау — ең үлкен бақыт! 🥰 Бүгін мектебіміздің оқушылары жаңа жылдық тәтті сыйлықтарға ие болып, ерекше көңіл-күйге бөленді. Олардың шат күлкісі — баршамызға шабыт береді!

Осы қуанышты сәтке өз үлестерін қосқан
“Таңбай” ЖШС директоры Бимағанбетов Нұрлан,жеке кәсіпкер Тәжібаев Ерлан,Мухит Кушербаев, Құлжанова Ғалия Ғалымжанқызы,ИП “Тасимова” Тасимова Шынар,жеке кәсіпкер Ибраев Серікқалиға шынайы алғысымызды білдіреміз! 🙏

🎓 Мектептің абыройын асқақтатып жүрген олимпиада жеңімпаздары мен зерттеу байқауларының жүлдегерлері — дарынды оқушыларымыз да бұл сыйлықтардан тыс қалмай, ерекше құрметке ие болды. Олар — біздің мақтанышымыз!

Сіздердің көрсеткен демеушіліктеріңіз — өскелең ұрпаққа үлкен мотивация. Кәсіптеріңіз өрлей берсін, табыстарыңыз арта берсін, істеріңізге береке тілейміз!

✨ Жаңа жыл баршаңызға мол ырыс, зор денсаулық пен толағай табыс әкелсін! ✨

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *