Skip to content

Бүгін 19 наурыз 2019 жылы мектебімізде салтанатты түрде IT кабинеті…

Бүгін 19 наурыз 2019 жылы мектебімізде салтанатты түрде IT кабинеті ашылды
Бұл, оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.Елбасының биылғы Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ.IT кабинет тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Класс – заманауи компьютер, 3D принтер, жоғары жылдамдықтағы интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған
Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады.Кабинет лентасын қию оқу ісінің меңгерушісі Муханова Алма Кенжеғалиқызына тапсырылды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *