Skip to content

Бүгің 20 маусым күні “Балауса”ақшатырында жақсы әдеттер марафоны өтті! Бұл…

Бүгің 20 маусым күні "Балауса"ақшатырында жақсы әдеттер марафоны өтті! Бұл марафонды ұйымдастырған СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., лагерь медбикесі Ережеп Н. психолог Талаштақ А., және тәрбиешілердің қатысуымен балалар арасында "Салауатты өмір салтын бірге, еркін сеніммен ұстанамыз!" ұранымен " Есірткіге жол жоқ!", "Дене белсенділігін арттыру", "Дұрыс тамақтану", "Жеке гигиена ережелері, таза қол өмірді сақтайды " жөнінде дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сахналық қойылым, тренингтер ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: халықта денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (ПБЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру. Ақпараттық материалдар таратылды.
#Салауаттыөмірсалтынұстан!
#Салауаттыөмірсалтынбіргееркінсенімменұстанамыз!
#Өзөмірсүрустиліңдітаңда!
#Есірткігежолжоқ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *